Ақтаудың 32-шағынауданындағы Yessenov University аумағында әлемдік стандартқа сай келетін стадион салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы аталған университеттің экономика департаментінің директоры Нұрболат Батыков мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі кезде жоба өңірдегі "Каспий" футбол клубымен және бас бапкермен келісілген.
Жаңа стадион халықаралық стандартқа сай келеді.
"Жоба бойынша 520 миллион теңге бөлу жоспарланып отыр. Құрылыс аумағы 1,5 гектар болмақ. Қай мекеменің салатыны белгісіз. Конкурс жарияланады. Сондай-ақ, инвесторларды тарту жоспарланып отыр", – деді Нұрболат Батыков.
Құрылыс жұмыстары осы жылдың аяғында басталмақ.