Ақтауда 3 жерде шомылуға тыйым салынды

201

Маңғыстау облысы мәслихатының "Маңғыстау облысындағы ортақ су пайдалану қағидалары туралы" шешіміне сәйкес, облыс аумағында шомылуға тыйым салынған 10 орын бар.  

Ақтауда 3 жерде шомылуға тыйым салынды Фото: otpannews.kz

Қала аумағында 21 ақылы жағажай тіркелген, деп жазады inbusiness.kz сайты otpannews.kz-ке сілтеме жасап.

Приморский шағын ауданындағы "Солдатский" жағажайында, 4а шағын ауданындағы "Бриз" яхт-клубының оң, сол жағажайында, 7а шағын ауданындағы "Шевченко" тұрғын үй кешенінен 10 метр жердегі жағажайда шомылуға рұқсат берілген.

Ал, Ақтауда 4а шағын ауданында орналасқан "Caspian Rivera" қонақ үйінен бастап 5 шағын аудандағы Т.Г. Шевченко ескерткішінен төмен түсу бағытындағы жағалау аймағында, "Шора", "МАЭК" ЖШС арнасының жағалауында шомылуға тыйым салынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу