Қадағалау жүргізу барысында Ақтау қаласындағы медициналық орталығы ұзақ уақыт бойы еңбек инспекцияның жалақы бойынша берешекті төлеу туралы нұсқамасын орындамағаны анықталды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Маңғыстау облыстық прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Осы негізде, облыс прокуратурасы 2023 жылдың 8 айда жиналған 7 миллион теңгеге 33 жұмысшыға жалақы бойынша берешекті төлетуге мәжбүрлеу шараларын қабылдады. Атқарушылық құжатты уақтылы орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 669-бабының 1-бөлігі бойынша медициналық орталық директорына 103 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, прокуратура еңбек қатынастары шеңберіндегі міндеттемелерді орындамаудың құқықтық салдары туралы ескертеді.