Ақтауда 35 жастағы ана оныншы сәбиін күтіп отыр

5664

Ақтау қаласында тұратын Сәкен мен Гауһар Ешмұхановтар – тоғыз балалы үлгілі отбасы. Олар қазір тағы да перзент күтіп отыр, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Ақтауда 35 жастағы ана оныншы сәбиін күтіп отыр

Ерлі-зайыптылар 2001 жылы отбасын құрыпты. Содан бері дүниеге 4 ұл мен 5 қыз келген. Тұңғыштары он тоғызда болса, ең кіші сәбилері 9 айлық. Олардың ішінде, егіз ұл мен қыз да бар. Ал көп балалы ана Гауһардың жасы 35-те екен. Өнерден де құралақан емес, мереке-жиындарда ән салады. 

"Бала тәрбиесінде енем мен үлкен қыздарымның көмегі зор. Осы жақындарымның арқасында өзіме де уақыт тауып жүрмін. "Бала баланы бағады" дегендей, шүкір, көз алдымда өсіп келе жатыр. Қазір қыздарыма үй шаруасын сеніп тапсыра аламын", - дейді Гауһар Ешмұханова.

Бұдан бөлек, Ешмұхановтар отбасы қайырымдылық шараларымен айналысып, мұқтаж отбасыларға көмек қолын созып тұрады.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу