Ақтауда 4 келіден астам гашиш сақтаған күдікті ұсталды

315

Есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.  

Ақтауда 4 келіден астам гашиш сақтаған күдікті ұсталды Фото: gov.kz

Ақтауда аса ірі көлемде есірткі сақтады деген күдікпен азамат ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК департаментінің 5-басқармасы қызметкерлері, сондай-ақ кинологиялық қызмет орталығы мамандарының қатысуымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтау қаласында есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісі анықталды.

Тексеру кезінде күдіктіден жалпы салмағы 4 келіден асатын гашиш есірткі заты тәркіленген.

Аталған дерек бойынша есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу