Ақтауда 4 шағын аудан жылудан ажыратылды

257

Ақтауда да жылу желісінен ақау шығып, төрт шағын аудан жылусыз отыр.

Ақтауда 4 шағын аудан жылудан ажыратылды Фото: Inbusiness.kz

Он мыңдаған ақтаулық аязды күнде суық пәтерде отыруға мәжбүр, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Басшылардың халыққа басу айтар ойы жоқ. Олар магистральдық желілердің 90% тозғанын айтуда. 1979 жылы салынған құбыр толығымен тозған. Жаңғырту жұмыстары 2024 жылға жоспарланыпты. Бірақ қаржыландыру мәселесі әлі шешілмеген.

Ал қытымыр қысқа тозығы жеткен құбырлардың төтеп береріне сенім аз. Дегенмен мамандар қол қусырып қарап отырмай, ақауды анықтап, жоюға кірісіпті. Қала әкімі  кешке дейін жылу қосылады деп уәде берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу