Ақтауда 400 теңіз жаяу әскері ант қабылдады

703

Салтанатты ант қабылдау рәсімі әскери бөлімнің шеру алаңында өтті.

Ақтауда 400 теңіз жаяу әскері ант қабылдады Фото: Ақтау гарнизоны баспасөз қызметі

Теңіз жаяу әскерлері бригадасының қазіргі шақырылымының құрамында Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Түркістан облыстарының сарбаздары бар. Іс-шараға мыңнан астам адам қатысты. Олардың ішінде Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері, жергілікті билік органдарының өкілдері, Қарулы Күштердің ардагерлері, сарбаздардың туыстары мен жақындары бар.                                                                                                                                      

"Ант - мемлекетке және оның халқына адал болу үшін беріледі. Бұл әрбір әскери қызметшінің өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі. Әскери ғылымды мұқият және сенімді түсіну - Егемен Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайту. Осы жолда сәттілік тілеймін", - деді бригада командирі подполковник Жаннұр Сатқынов.

Сарбаздарды еліміздің әртүрлі аймақтарынан туыстары атаулы оқиғамен құттықтауға келді. Отан қорғаушының міндеті өте жауапты. 

Әскерге шақырылғаннан кейін бір ай ішінде әскерге шақырылушылар жас жауынгер курсынан өтті. Оның барысында саптық, дене шынықтыру дайындығының негіздерін, жалпы әскери жарғылардың талаптарын оқып, полигонда практикалық атыстарды орындады.

"Мен бұл күнді өмір бойы есімде сақтаймын. Көп қонақт қатысқан шеруде ант сөздерін айту - үлкен жауапкершілік. Осы сәтте мені ерекше толқу, сонымен бірге мақтаныш пен жоғары жауапкершілік сезімі баурап алды", – дейді жас сарбаз Денис Балюк.                                                                                                                                                                                

Отан алдындағы борышын өтеушілер мерзімді қызмет аяқталғаннан кейін білім беру жеңілдіктерін пайдаланып, ҰБТ тапсырусыз азаматтық немесе әскери жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік бар. Бұл ретте жауынгерлік даярлықта жоғары нәтижелерге қол жеткізген және үлгілі әскери тәртіпті көрсеткен сарбаздар ЖОО гранты бойынша тегін оқитын болады.                                                                                                                                                                                                                

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу