Қала әкімшілігінің мәліметінше, үш орындық әткеншекке бюджет қаражаты жұмсалды. Оны орнатумен "Clover media group" компаниясы айналысқан.
"Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен "Clover media group" ЖШС арасында облыс орталығын көркемдеп, жарықтандыру бойынша жұмыстарды жүргізуге шарт жасалды. Келісімшарт құны ҚҚС-сыз 38 742 415 теңгені, ҚҚС-сыз 43 391 504,80 теңгені құрайды, – делінген әкімдік хабарламасында.
Шартқа сәйкес мердігер ұйым тарапынан келесі жұмыстар орындалуда: ұзындығы 50 метрлік "Жұлдызды аспан" сәндік жарықтандыру инсталляциясы – 13 200 000 теңге, 200 шаршы метрлік "Гүл алаңы" сәндік жарықтандыруды орнату – 15 404 000 теңге, "Әткеншек триосы" шағын сәулет нысаны – 4 560 415 теңге, "Қазіргі заманғы киіз үй" сәулет құрылысы – 5 578 000 теңге.
Бұл мәліметпен танысқан қала тұрғындары әлеуметтік желілерде "желге ұшқан ақшалар" деп даттаса, енді бірі "шаһар сәулетін көркейтуге қажет" деп мақтап жатыр.
Қазіргі уақытта тиісті жұмыстар жүргізіліп қазан айының аяғына дейін толықтай бітіру жоспарланып отыр.
Алмас Қылыш