Ақтауда 5 мың метрден астам тозған электр кабелі ауыстырылады

389

Бұл іс-шараны ҚР Энергетика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті ұйымдастырады.

Ақтауда 5 мың метрден астам тозған электр кабелі ауыстырылады

Бағдарлама "Ақтау электр желілері басқармасы" компаниясының объектілерін жаңғыртуға, реконструкциялауға және жаңартуға, сондай-ақ тұтынушыларды тарифтерден алынатын қаражаттың мақсатты пайдаланылуы туралы хабардар етуге бағытталған.

"Ақтау электр желілері басқармасы" МКК басты миссиясы тұтынушыларды үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында электр энергиясын сенімгерлік басқаруға беру, электр желілері мен қосалқы станцияларды пайдалануды қамтамасыз етуді көздейді.

Ұйым сонымен қатар электр желілерін қайта құрумен және техникалық жаңартумен белсенді айналысады.

 "Ақтау электр желілері басқармасы" МКК директоры Ақилен Сәрсенғалиев кәсіпорынның электр желілерінің жай-күйі туралы ақпарат берді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта электр желілерінің тозуы 70% құрайды. Авариялық жағдайлардың алдын алу, халықты электрмен жабдықтау сапасын арттыру және желілердің тозуын азайту үшін инвестициялық бағдарламаға сәйкес ағымдағы жылы 5800 метр тозған кабельдерді ауыстыру жоспарлануда.

Монополияға қарсы комитеттің өкілдері нормативтік құжаттардың бар-жоғын және сәйкестігін тексерді.Объектілердің біріндегі кабельдік желілерді ауыстыру бойынша жұмыстардың барысына шолу жасалды. Тозығы жеткен сымдар ауыстырылса, жарығы жиі сөнетін Ақтаудың мәселесі шешіледі деген жоспар бар.           

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу