Ақтауда 540 тұрғын баспаналы болды

1077

Ақтауда 540 тұрғын баспаналы болды

Ақтау қаласында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынған көпқабатты 9 тұрғын үй ел игілігіне беріліп, 540 тұрғын баспаналы болды, деп хабарлайды 24.kz.

Жаңа пәтерге қол жеткізгендер қатарында мұғалім, дәрігер, журналист пен жас отбасылар бар.

"Айрақты" тұрғын үй кешенінде жерасты автотұрақтары мен 200 балаға арналған балабақша да қаралған. Бұл – мемлекеттік бағдарлама бойынша биыл қолданысқа берілген ең алғашқы тұрғын үй. Жыл соңына дейін тағы 2 мыңдай тұрғынға пәтер беріледі. Қазір қалада "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 12 үй салынып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу