Ақтауда 6 қабатты үй өртенді

333

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.  

Ақтауда 6 қабатты үй өртенді Фото: бейнеден скриншот

27 желтоқсанда түнгі сағат 12-де Маңғыстау облысы ТЖД "101" пультіне Ақтау қаласы, 38 шағын аудан, 5 үй "7 Qazyna" ТК-де пәтер өртенеді. 6 қабатты тұрғын үй кешеніне 19 қызметкер мен 5 бірлік техникадан тұратын ТЖД күштері мен құралдары жіберілген.

“Келгеннен кейін тұрғын үйдің сыртқы қаптамасы жанып жатқаны анықталды. Барлау жұмыстары жалғасуда. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Автосатыларды орнату жүргізілді. Сағат 24-22.-де 2-ші қабаттан 6-шы қабатқа дейін сыртқы қаптаманың жануы туралы хабарланды. Өрттің тұрғын пәтерлерге таралуы байқалмады. ТЖД күшімен тұрғындарды эвакуациялау жүргізілген жоқ. Тұрғындар өз бетінше шығып үлгерген. Өрт сағат 24-31-де сөндірілді”,– деп хабарлайды облыстық ТЖД мамандары.

Оқиға орнында 170 ш. м. үйдің сыртқы қаптауы өртенгені белгілі болды. Құрылымды талдау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өрттің себебі анықталып жатыр. Ауа райының қолайлы болуына байланысты эвакуацияланған тұрғындар вахтаға орналастырудан бас тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу