Ақтауда 60 мың адам жиналған концерт шумен аяқталды

973

 Қалада бірнеше шақырымдық кептеліс болды.  

Ақтауда 60 мың адам жиналған концерт шумен аяқталды Фото: Lada.kz

Ақтауда Каспий теңізі жағасындағы концертке 69 мың адам жиналып, қолайсыздық туғызды.200-ден астам жоғалған бала туралы арыз түскен. Орынға таласқан әйелдер арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласты. Әлеуметтік желіде іс-шара барысында түсірілген кадрлар пайда болды.

 Ірі мұнай компаниясының 60 жылдығына арналған концерт 30 тамызда кешке 15 шағынауданның жағасында өтті.

“Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында іс-шараға 300-ге жуық полиция қызметкері жұмылдырылды. Балалардың жоғалғаны туралы келіп түскен өтініштердің жалпы саны 200-ді құрады. Көмекке мұқтаж балалардың жасы ең кішісі 3 жасар баладан бастап 15 жасқа дейін. Барлық балалар табылып, ата-аналарына тапсырылды”, - деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.

Қазақстандық орындаушылардың өнер көрсетуі 60 мыңдық аудиторияны жинады. Адамдар жиналған алаңда көп қоқыс қалған.

Автокөлік иелері жолдардағы кептеліс пен көлік апаты туралы айтты.

“Ақтауда мұндай кептелістерді ешқашан көрген емеспін. Біз дәл 40 минут қозғалмай, көліктердің қатарында тұрдық. Үйге қайту бір жарым сағатқа созылды. Жағалауға жаяу барған дұрыс екен”, - дейді Ақтау тұрғыны Саламат Батырұлы.

Концертте қазақ эстрадасының жұлдыздары: Ерке Есмахан, Raim, Yenlik, Qanay және Қазақстанның басқа да әртістері өнер көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу