Ақтауда 7 жасар қыз эскалаторда саусағының бір бөлігінен айырылып қалды

412

Оқиға сауда орталығында болған. 

Ақтауда 7 жасар қыз эскалаторда саусағының бір бөлігінен айырылып қалды Фото: gidlestnic.ru

Сауда орталығында жарақат алған қыз Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Бала эскалаторда саусағының бір бөлігінен айырылып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты lada.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлер саусақтың қалған бөлігін аман алып қалу үшін барын салған.

"Науқас оңалту емінен өтіп жатыр, болжам жасауға әлі ерте", - делінген басылым таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу