Ақтауда 8 наурызда әйелдер үшін қоғамдық көлікте жол жүру тегін

559

Халықаралық әйелдер күніне орай барлық аналар мен арулар Ақтау қаласының қоғамдық көлігінде ақысыз жүре алады.    

Ақтауда 8 наурызда әйелдер үшін қоғамдық көлікте жол жүру тегін Фото: inbusiness.kz

Бұл бастамаға № 2, 3, 4, 4М, 5, 7 және 8 маршруттар бойынша жол жүретін автобустардың кәсіпкерлері келісім берген, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Басқа күндері жол ақысы ересектер үшін - 70 теңге, 12 жастан асқан балаларға 35 теңгені құрайды.

Сондай-ақ, сайлау күні 19 наурызда және 22 наурыз мерекесінде де қалалық автобустармен жүру тегін болатыны хабарланды.

Қоғамдық көліктер әдеттегі кестесіне сәйкес сағат 06:40-тан 21:00-ге дейін жүреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу