Ақтауда 8 жасар оқушы қызды азғындамақ болған ер адам ұсталды, деп жазады inbusiness.kz "Almaty.tv"-ге сілтеме жасап.
"ҚР ҚК 124-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Осы бойынша күдікті тұлға қазіргі уақытта анықталып ұсталды. Қылмыстық іс полиция басқармасының тәжірибелі тергеушісіне тапсырылды", – деді Ақтау қалалық Полиция басқармасы тергеу бөлімінің бастығы Мақсат Молдабаев.
Ақпаратта көрсетілгендей, оқушының анасы қызының бұл жайттан кейін сыртқа шығудан қорқып қалғанын айтады.
Айта кету керек, әлеуметтік желілерде 28 қыркүйекте болған оқиғаның бейнежазбасы тараған. Онда белгісіз ер адамның оқушы қызды аңдып, одан соң денесіне қол тигізген сәті анық көрінеді.