Ақтауда 8 жасар қызға зәбір көрсетуге оқталған қылмыстық іс жабылып қалды

457

2022 жылы 8 жасар қызға ер адамның зорлық жасауға әрекеттенуі бойынша дерек полицияда кәмелетке толмағандарды зорлауға ұмтылу бабы бойынша тіркелді. Бірақ қылмыстық іс қылмыс құрамының жоқтығынан жабылып, күдікті жазасыз қалған.

Ақтауда 8 жасар қызға зәбір көрсетуге оқталған қылмыстық іс жабылып қалды Фото: видеодан скриншот

Зардап шеккен қыздың анасы Жадыра Арыстанова 2022 жылы 28 қыркүйекте кешке 11 шағын аудандағы №37 үйінің жанында қызы мен жиені мектептен үйіне оралғанын айтты. Оларға жас жігіт тиіскен. Балалар үйге келе жатқанда қызды иығынан сипап, кетіп қалды. Кейін қайтып келіп, жыныс мүшесіне қол тигізе жүгірткен. Балалар қорқыныштан ештеңе істей алмады. Кіреберісте қыз бірден анасына қоңырау шалып, не болғанын айтып, жылап жіберген.

Жадыра Арыстанова арыз беру үшін полиция басқармасына барды. Оның айтуынша, арыз қабылдағанға үш сағат жұмсаған. Бір апта бойы оған полициядан ешқандай хабар болмаған. 

Әйелдің өзі сыртқы бақылау камераларынан жазбаны тауып, бейнежазбаны телефонына көшіріп, тағы полиция бөліміне жүгінеді. 

“Полиция департаменті бастығының орынбасарына барғанда күдікті жігітті тауып, бес АЕК айыппұл саламын деп уәде беріп, бейнені жоюды сұрады. Ол бірінші рет ескерту жасап, айыппұл қайталанған жағдайда болуы тиіс екенін мәлімдеді. Мен қатты ашуландым. Бейнежазбаны желіге жүктедім. Сол күні күдікті табылып, оған адвокат берілген. ҚР ҚК 124 - бабының 1-бөлігі бойынша яғни кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық қолданбай азғындық әрекеттер жасау дерегімен қылмыстық іс қозғалды,  - дейді қыздың анасы.

Барлық жауап алулар мен сараптамалардан кейін тергеуші Жадыраға 6-7 айдан кейін болатын сот шешімін күту керектігін айтты. 

2022 жылдың желтоқсанында Жадыра отбасымен Алматыға көшті. Бұл туралы тергеуші де, оның адвокаты да білген.

“Мен олардан хабар күттім, бірақ нәтиже болмады. 2 маусымда адвокат Раушан Цойға сот қашан болатынын сұрап хат жаздым. Ол қылмыс құрамының болмауына байланысты іс желтоқсан айында жабылды деп жауап берді",-дейді Жадыра Арыстанова.

Қазір қыз тоғыз жасқа толды. Сол қорқынышты күннен бастап ол көшеде ойнауға шықпайды, барлық бейтаныс адамдардан қорқады. Оқу жылын әрең аяқтады.

“Бұл жас жігіт кінәсін мойындамайды. Анасы мен әжесі бізге келді, содан кейін кенеттен олар менің қызымды жоқ жерден шу шығарды деп айыптады," деп қынжылады әйел.

Прокуратураның қаулысында жігіт қызға қол тигізгенін мойындаған.

“Алдымен біз жас жігіт науқас және өз іс-әрекетін түсінбейді деп ойладық. Бірақ сараптама оның дені сау екенін және ештеңеден зардап шекпейтінін дәлелдеді. Мен заңның әділ шешіміне үміттендім, бірақ өкінішке орай олай болмады. Қылмыстық істі сол бап бойынша қайта бастағым келеді, сондықтан істі басқа тергеуші жүргізіп, сотқа жеткізеді. Сот өз үкімін шығарсын. Мен істі сотсыз жауып тастағанына ренжідім. Ол тіпті тергеу изоляторында бір күн де отырмаған. Тіпті айыппұл төлемегені ұят. Кешірім сұрауға да келген жоқ. Егер ол қазір жазаланбаса, болашақта оның қолынан басқа бала зардап шегеді. Мұның бәрі қайғымен аяқталуы мүмкін”, - деп түйіндеді сөзін қыздың анасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу