Ақтауда 80-нен астам адам қаржы пирамидасына алданған

559

Алаяқтықпен айналысқан күдікті бұлтартпау шарасы ретінде үйқамаққа алынды.  

Ақтауда 80-нен астам адам қаржы пирамидасына алданған Фото: ҚР ҚМА баспасөз қызметі

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті "LiveGood" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқару, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатты заңдастыру фактілері бойынша тергеуді аяқтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"LiveGood" компаниясы дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) сату түріндегі желілік маркетинг ретінде көрініп, шын мәнінде салымшыларды тарту арқылы кепілдендірілген табыс уәде етіп отырған. Өнімді сатып алу міндетті болмаған. Қатысушылардың табысы тікелей түрде жазылу құны 50 АҚШ долларынан басталатын жаңа адамдарды тарту санына байланысты болған.

Салдарынан 80-нен астам азамат қаржы пирамидасының құрбанына айналды. Салымшылардың қаражатын заңдастыру мақсатында күдікті оларды криптовалюта биржасы арқылы заңсыз операциялармен шығарып, кейін туыстарының шоттарына аударған.

"Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа ол Ақтау қаласынан 2 пәтер мен Lexus автокөлігін сатып алған. Жылжымайтын мүліктің жалпы құны – 43 млн теңге. Соттың санкциясымен 132 млн теңге көлеміндегі оның есепшоттары мен мүлкіне тыйым салынды", – делінген ҚМА хабарламасында.

ҚПК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу