Ақтауда 87 миллион теңгеге салынған дәретханалар жұмыс істемей тұр

319

Қалада 12 қоғамдық дәретхана бар. 

Ақтауда 87 миллион теңгеге салынған дәретханалар жұмыс істемей тұр Фото: lada.kz

Қала тұрғындары модульді әжетханалардағы ақаулар туралы қалалық әкімшілікке хабарлады. Бүгінде мамандар қоғамдық дәретханалардағы ақауды жөндеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтауда 12 қоғамдық дәретхана бар. Оның бесеуі модульді, яғни қала тұрғындары оған QR код арқылы төлем жасап кіреді. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі модульді дәретханалардың істен шыққанын мәлімдеді. 

“Техникалық ақауларға байланысты QR код қосылғанша дәретханалар жұмыс істемейді. Мамандар жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жақында барлығын түзейміз. Қала тұрғындары мен қонақтарынан қоғамдық дәретханаларды таза ұстауды және қажет болған жағдайда гигиеналық заттарды пайдалануды сұраймыз”, – делінген ақпарат агенттігінің жазбасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу