Ақтауда 9,5 млрд теңгеге үш мектеп салынбақ

608

Олардың құрылысына байқау жарияланды. 

Ақтауда 9,5 млрд теңгеге үш мектеп салынбақ

Ақтауда үш мектептің құрылысы бойынша 9,5 млрд.теңгеге мемлекеттік сатып алу байқауы жарияланды. Тапсырыс иесі – Маңғыстау облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.

Мемлекеттік сатып алу порталына 2 қазан күні орналастырылған Ақтау қаласы 31А ықшамауданындағы №25 учаскедегі орта мектеп 1200 оқушыға арналған. Оның жоспарлы сомасы 3 257 963 449 теңге құрайды, мұның ішінде, бірінші жылға 4 307 528,95 теңге, екінші жылға 2 638 719 078,28 теңге, үшінші жылға 614 936 841,77 теңге қарастырылған. 

Тағы да осындай көлемдегі мектепті 18 ықшамауданындағы №25 учаскеге салу жоспарланған. Оның құны 3 228 065 375 теңгеге бағаланып отыр екен, мұның ішінде, бірінші жылға 4 300 582,4 теңге, екінші жылға 2 612 973 655,3 теңге, үшінші жылға 610 791 137,3 теңге жұмсалуға тиіс.

Үшінші мектеп те 1200 балаға арналған, қаладағы 19А ықшамауданында салынбақ. Оның болжамды құны 3 106 309 670 теңге, мұның ішінде, бірінші жылға есептелгені –  4 300 582,4 теңге, екінші жылға –  2 514 261 528,53 теңге және үшінші жылға – 587 747 559,07 теңге.

Аталған үш лом бойынша байқауға қатысу үшін өтініш беру уақыты 9-24 қазан аралығына белгіленген. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу