Ақтауда 9 жасар бала бассейнге батып кетті

484

Сотқа дейінгі тергеу басталды

Ақтауда 9 жасар бала бассейнге батып кетті Фото: google.com

Қайғылы оқиға 13 шілде күні қаладағы демалыс орындарының бірінде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

"102 кезекшісіне сағат 15.12-де қоңырау түсті. Тергеу-жедел тобы шақыртуға шықты. Бала бассейнге батып кеткен, ата-анасы солжерде болған", деп хабарлады Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі.

Ведомство аталған дерек қалалық полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне "Адам өлімі" бабы бойынша тіркелгенін айтты. 

Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу