Ақтауда адам өліміне қатысты қылмысты полицейлер жасырған

490

Ақтауда Валерия Шалнованы өлтірді және зорлады деген күдікпен қала тұрғынына қатысты іс бойынша айыптау қорытындысын бекітті.

Ақтауда адам өліміне қатысты қылмысты полицейлер жасырған Фото: лада.кз

Прокуратура 21 жастағы Валерия Шалнованы өлтірді және зорлады деген күдікпен Ақтау тұрғынына қатысты іс бойынша айыптау қорытындысын бекітті.

Жақын арада материалдар сотқа жіберелетін болады. Сонымен бірге, сот төрелігіне кедергі келтірген полиция қызметкерлері де жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Ажар Әбділ мәлімдеді.                                                                                                                                                                                                 

Күдікті үш қылмыстық бап бойынша айыпталды: "Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылықпен байланысты кісі өлтіру","Жәбірленушіге зорлық-зомбылық пен жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсету" және "Тонау, бөтеннің мүлкін ашық ұрлау".

"Аға тергеуші Рима Лобян басқарған жедел-тергеу тобы тергеуді жан - жақты, толық және объективті жүргізді, дәлелдеуге жататын барлық жағдайлар анықталды. Сонымен қатар, осы істі тергеу барысында кейбір полиция қызметкерлері аса ауыр қылмысты уақтылы ашуға кедергілер жасағаны, қылмысты жасыру фактілерін анықтады. Оларға қатысты жеке өндіріске материал бөлініп, Маңғыстау облысы полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасына жіберілді, онда кінәлі тұлғалардың іс-әрекеттеріне тиісті баға беріледі", - дейді адвокат Ажар Әбділ.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтауда 21 жастағы спортшының мәйіті "МАЭК" су бөлу каналы маңынан табылған. Полицейлер қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 105-бабы "Суицидке жеткізу" бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлады. Кейінірек қоғамдық резонанстан кейін құқық қорғау органдары ҚР ҚК-нің 99-на "Кісі өлтіру" бабына ауыстырды.

Маңғыстау облысының Сот сараптамасы институтында қайтыс болған Валерия Шальнованың әпкесі мәлімдеме жасады. Оған дейін қыз туыстарына қорытынды берілмейтінін айтқан болатын, сондықтан олар денені тексеріп, 21 жастағы Валерия Шальнованың өлімінің нақты себебін анықтай алатын тәуелсіз сарапшыларды Ақтөбеден шақырды.                                                                                                                                                                                      

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу