Ақтауда әйел адам жасөспіріммен төбелескен

478

Төбелес 34 шағын аудандағы №10 үйдің ауласында болды.

Ақтауда әйел адам жасөспіріммен төбелескен Фото: видео скриншот

Әлеуметтік желіде Ақтауда төбелескен әйел мен кәмелетке толмаған қыздың қатысуымен бейнеролик пайда болды. Жасөспірім қыздың анасының айтуынша, көрші әйел мүгедек қызын ұрған. Төбелес 34 шағын аудандағы №10 үйдің ауласында болды.

Бейнекадрлардан әйел мен жасөспірім бір-бірінің шашынан жұлып, сүйреп бара жатқанын көруге болады. Оларды басқа балалар қоршап алады.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаның 17 қыркүйекте сағат 18:28 шамасында болғанын растады. "102" кезекшісінің пультіне көмек сұрап шақыру келіп түскен. Полицияға хабарласқан тұрғынның айтуынша, көршісі мүгедек қызын ұрып-соққан.

"Шақыруға шыққан учаскелік инспекторлар фактіні растады. Біреудің кәмелетке толмаған қызын ұрып-соққан 36 жастағы әйелге ҚР ӘҚБтК 73-1 - бабының 1-бөлігі және 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды", - деп хабарлады полиция департаменті өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу