Ақтауда әйел кәсіпкерлерінің халықаралық конгресі басталды

557

Шараға Әзірбайжан, Қырғызстан мен еліміздің барлық өңірлерінен 400-ден астам әйел кәсіпкер жиналды.

Ақтауда әйел кәсіпкерлерінің халықаралық конгресі басталды Фото: inbusiness.kz

​Ақтау қаласында "ASMAR" - бірлік дәстүрлері" әйелдер кәсіпкерлігінің халықаралық конгресі өтуде, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бағдарламада табысты отандық және шетелдік кәсіпкерлер – Ләйлә Сұлтанқызы, Гүлмира Толғанбаева, Шолпан Түсіпбекова, Қайрат Хасанов, Сәуле Салихова, Айжан Чыныбаева, Мират Ахметсадықов баяндамалары мен сессияларын ұсынды.

Конгресстің маңызды оқиғасы екі ұлттық жоба – "ALTYN OIMAQ" және "Бір ауыл - бір өнім" өнімдерінің бірегей көрмесі болды. Жеңіл өнеркәсіптің заманауи өндірістері мен ауылдағы микробизнестің жаңа субъектілері Қазақстаннан тыс жерлерге жеткізіліп жатқан өз бұйымдарын таныстырды. 

Ұйымдастырушылар: ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен "ASMAR" Қазақстан Республикасының Ұлттық Әйелдер кәсіпкерлігі қауымдастығы.

“Біздің мақсат– жаңа тенденциялар арқылы бизнестің биік шыңына жетуге көмектесу. Қазақстандық 70% кәсіпкерлер шағын және орта бизнесте жүр. Соларды ірі бизнеске ауысуға үйрету”,– дейді ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төрайымының орынбасары ASMAR қауымдастығының төралқа төрайымы Ләззат Рамазанова. 

Шараға Әзірбайжан, Қырғызстан мен еліміздің барлық өңірлерінен 400-ден астам әйел кәсіпкер жиналды.

“Бұл– ең ауқымды шара. Өз саласының білгірлері бизнесті дамыту, инвестициялар, цифрлық бизнестер, кәсіпте жеке бренд қалыптастыру жолдарын үйретті. Жергілікті кәсіпкерлерге пайдасы көп шара деп білеміз”,– дейді облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу