Ақтауда әйел жоғары қабаттан құлап, көз жұмды

158

Марқұм қою көк түсті арнайы формаға ұқсас киім киген. 

Ақтауда әйел жоғары қабаттан құлап, көз жұмды Фото: lada.kz

Қайғылы оқиға 29 шілдеде сағат 19:00 шамасында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

27-шағын аудандағы 4-үйде жоғары қабаттардың бірінен әйел құлап, қоқыс жәшігіне түскен. 

Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

"Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде", – делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу