Ақтауда отбасылық жанжал кезінде жұбайына күш қолданған ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақтау қалалық сотының 2026 жылғы 13 шілдедегі үкімімен азамат "У" ҚР Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 25 тәулікке қамаққа алу жазасына сотталды.
Сотта анықталғандай, ер адам алкогольдік масаң күйде отбасылық жанжал кезінде жұбайының басынан ұрып, оған физикалық күш қолданған. Ақтау қаласының прокуратурасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке немесе отбасылық мәселе емес екенін еске салды. Мұндай әрекеттер үшін заңда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу