Ақтауда әйгілі демалыс орны тағы да дауға қалды

1347

Ақтауда әйгілі Rixos Water World демалыс орны тағы да дауға қалды, деп хабарлайды Atameken Business.   

Ақтауда әйгілі демалыс орны тағы да дауға қалды

Жұрт әлеуметтік желіде "кешеннен шыққан қалдық су – Каспий теңізіне төгілуде" деп дабыл қағуда.

Бұл демалыс кешеніне қатысты алғашқы сын емес. Ковид індеті өршіп, өңір – қызыл аймаққа енген тұста қонақ үй концерт ұйымдастырған болатын.

Соңғы бейнежазбаға қатысты тергеу әлі басталмаған. Экологтар жоспардан тыс тексеріс жүргізу үшін құзырлы органдардың рұқсатын күтуде.

Ал жергілікті экологтар бұл жағдай Экология кодексінің 222-ші бабы, 8-ші тармағына қайшы келетініне толық сенімді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу