Ақтауда аққулардың қырылу себебі анықталды

400

Аққулардың өліміне құс тұмауы себеп болуы мүмкін.

Ақтауда аққулардың қырылу себебі анықталды Фото: Маңғыстау облыстық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясы

"Қарақия-Қаракөл" қаумалының "Қаракөл" көліндегі аққу құстарының арасында өліміне байланысты, өлген құстарды жинақтап жою жұмыстары жалғасып  жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

2023 жылдың 21 желтоқсанында "Үстірт" мемлекеттік табиғи қорығының "Қарақия-Қаракөл" қаумалының инспекторлары қорғау шараларын жүргізу кезінде "Қаракөл" аумағында 30 шақты сыбырлақ аққудың өлген денелерін тапты. Олардан сынамалар алынып, АШМ Ветеринариялық және қадағалау Комитетінің "Ветеринария бойынша Ұлттық орталығы РМК"-ы және "Микробиология және вирусология" ғылыми өндірістік орталығы зертханасының қортындысы бойынша құс тұмауына оң нәтиже нақтыланды. Аққу құстарының өлімі 23-31 желтоқсан аралығында біршама өсіп, 102 аққудың өлексесі, 1-2 қаңтарда тағы 95 бас өлген аққу анықталды. 2023 жылдың 21 желтоқсаны мен 2024 жылғы 2 қаңтары аралығында барлығы 227 аққу өлгені белгілі болды. Олар ветеринариялық заңнамада белгіленген тәртіппен жойылды.

"Үстірт" қорығының "Қарақия-Қаракөл" қаумалының инспекторлары көл аумағында күнделікті қорғау, бақылау жұмыстарын жүргізуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу