Ақтауда аққулардың қырылуына "Rixos" қонақ үйінің кінәсі бар ма?

472

Әлеуметтік желілерде "Rixos" бес жұлдызды қонақ үйінің Каспий теңізіне белгісіз қара түсті суды ағызған видеосы тарап кетті.   

Ақтауда аққулардың қырылуына "Rixos" қонақ үйінің кінәсі бар ма? Фото: Экология департаменті

Қонақ үйдің ағынды сулары Қаракөлдегі аққулардың өліміне қатысы бар ма деп шулады желі қолданушылары.                           

Осы мәселе бойынша экологтар мен орнитологтар тексеру жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті Қаракөлге ағынды суды жіберу фактісін тексеретінін хабарлады.                                                               

"7 қаңтарда судан сынамалар алынып, зертханаға жіберілді. Егер талдау нәтижесі бойынша ластаушы заттардың құрамы рұқсат етілген концентрациясынан асып кеткені анықталса, қонақ үйге айыппұл салынуы мүмкін, айыппұл мөлшері ағынды сулардың көлемі мен құрамына сәйкес есептеледі",- дейді Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті басшысының уақытша міндетін атқарушы Мағжан Ғалымов.                                                                                                    

Айта кету керек, бұл қонақ үйдің ағынды суды Қаракөлге төгуі алғаш рет емес. Екі жыл бұрын "Rixos" қонақ үйі ағынды суларды төгу кезінде экологиялық заңнама талаптарын бұзғаны үшін 76 млн теңге айыппұл төлеген болатын. "Rixos Water World Aktau" қонақ үйі Ақтау қаласынан 20 шақырым жерде Каспий теңізінің жағасында орналасқан.

Қаракөл — сулы-батпақты жер, яғни ол ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Республикалық маңызы бар Қарағай-Қаракөл мемлекеттік зоологиялық қорығына жатады. Көлде Қазақстанның "Қызыл кітабына" енген көптеген құстар мекендейді. Сонымен қатар, халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл тізіміне енгізілген құстардың 20-дан астам түрі қыстап шығады.                               

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу