Ақтауда ақындар айтысы өтті

1812

Бас жүлде иегері – Жансая Мусина.

Ақтауда ақындар айтысы өтті

Ақтау қаласында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Ұлттық мұра" бағдарламасы аясында республикалық ақындар айтысы өтті. Оған елдің әр өңірінен келген 18 ақын қатысты, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

 Сөз өнері додасын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман жүргізіп, Светқали Нұржан, Ғалым Жайлыбай, Әділет Қабылов, Бауыржан Халиолла, Сұлтанбек Құдайберген сынды ақындар қазылық етті. 

"Қазылар алқасының шешімімен топтан оза шапқан Батыс Қазақстан облысының ақын қызы Жансая Мусина бас жүлде иегері атанып, 2 миллион теңгенің сертификаты табысталды. Бірінші орынға лайықты деп танылған Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының жас ақыны Арғынбек Қалбаевқа 1 млн теңге берілді. Жүлделі екінші орынға Қарағанды облысынан келген Төлеген Жаманов, Алматы облысынан Қазырет Бердіхан және маңғыстаулық Нұрлан Мұсаев табан тіреп, әр қайсысына 600 мың теңгеден берілді. Ал, үшінші орын Павлодар облысынан келген ақын Аспанбек Шұғатаев, Маңғыстау облысының ақыны Абай Жолмағанбетов және атыраулық ақын Шалқарбай Ізбасаров өзара бөлісіп, әрқайсысы 500 мың теңгеден иеленді. Сонымен қатар, арнайы жүлдемен Батыс Қазақстандық Талғат Мықи, Ақтөбелік Марат Ахметов, Маңғыстаулық Алшын Суемов марапатталды", – деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Басқа қатысушылар да лғыс хатпен және ақшалай сыйлықпен марапатталған. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу