Ақтауда алғаш рет халықаралық желкен кемесі жарысы өтеді

1337

Ақтауда алғаш рет  халықаралық желкен кемесі жарысы өтеді

Ақтауда  халықаралық желкен кемесі жарысы басталады, шараға 4 елден 60 команда қатысады, деп хабарлайды КазТаг.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, чемпионат Ақтауда алғаш рет өткелі тұр. Жарысқа қатысу үшін Қазақстаннан, Ресейден, Украинадан, Израилден 60 команда өтінім берді. Қатысушылар қала шетіндегі жағалауда жарысатын болады. Сонымен Маңғыстау облысы туризм басқармасының ақпарынша, "үшбұрышты" қашықтық бойынша 3-5 км және 12-15 км қысқа жарыстар, 50 шақырымдық жарыстар, 100 шақырымдық жарыстар жоспарланған. Жарыстар бір аптаға созылады, жетінші күні чемпионаттың жабылу салтанаты және жеңімпаздарды марапаттау шарасы өтеді.   
Сонымен қатар, желкен кемесі жарысы аясында 9 қыркүйекте "Нұр Плаза" жағажайында катамарандар көрмесі өтеді. Ақтау халқы мен қонақтары көліктің жүк салғышына салып әкелуге болатын, балконға қоюға болатын кеме құрылымдарымен танысады. Бұл ретте, ұйымдастырушылар атап өткендей, қайықтардың көбін иелерінің өздері құрастырған 
Чемпионатты ұйымдастырушылар: халықаралық меңгерілетін көп корпусты жиналмалы және үрлемелі желкенді кемелер қауымдастығы (МАРИНС), Маңғыстау облысы туризм басқармасы, облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы, "Бриз" кеме –клубы.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу