Мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектер қозғалысын дамытуға арналған алаңда 7 және одан жоғары жастағы мүгедек адамдар жаттыға алады, деп хабарлайды inbusiness.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл ерекше жобаны "Мейірімді жүрек" қоғамдық жобасының еріктілері жүзеге асырды. Жаңа алаңды одан әрі күтіп ұстау үшін Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің теңгеріміне беріледі.
"Бұл ерекше жоба толығымен демеушілердің есебінен тұрғызылды. Жаттықтыру құралдары арнайы тапсырыспен Алматы және Ақтау қалаларында дайындалып әкелінді. Осы орайда қала тұрғындарын, жалпыға ортақ қолданыстағы алаңды бүлдірмеуге, ұқыпты ұстауға шақырамын", – деді "Мейірімді жүрек" қоғамдық жобасының өкілі Лаззат Калиева.