Ақтауда әмбебап құтқару бөлімшесі ашылды

61

ТЖМ министрі Шыңғыс Әрінов Каспий теңізінің жағалауында жаңа өрт сөндіру-құтқару бөлімінің ашылуына қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтауда әмбебап құтқару бөлімшесі ашылды Фото: ТЖМ

– Біз заманауи тәсілдерді қолданамыз. Мұндай нысандар әртүрлі өңірлерде салынып жатыр. Жаңа депо небәрі екі жарым айда салынды. Биыл Маңғыстау облысында тағы бір депо мен 7 өрт сөндіру бекетінің құрылысын аяқтаймыз, – деді Шыңғыс Әрінов.

Іс-шара барысында министр өрт-құтқару техникасының кілттерін табыстап, бөлім бастығына символикалық кілтті тапсырды.

– Жаңа депо жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен салынды. Ғимаратта жеке құрамға арналған үй-жайлар, оқу сыныптары, асхана, жабдық сақтау аймақтары мен техникаға арналған бокс, сондай-ақ "Batyr team" workout алаңы қарастырылған. Бөлімше жалпы саны шамамен 40 мың адам тұратын Ақтаудың төменгі, Приморский шағын аудандарына, Өмірзақ ауылына, өнеркәсіптік аймақтар мен жағалаудағы аумақтарға қызмет көрсететін болады, – делінген ақпаратта.

Өрт сөндірушілермен қатар мұнда құтқарушылар да қызмет атқаратынын атап өту керек. Бұл түрлі төтенше жағдайларға жылдам ден қою мүмкіндігін қамтамасыз ететін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу