Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтар да болған

273

22 адам ауруханаға жеткізілді. 

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтар да болған Фото: ТАСС

Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың бортынын ішінде Қазақстан азаматтары да болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
 
Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болды.

"Зардап шеккендер бойынша ақпарат нақтылануда. Аман қалған 25 адам бар, оның ішінде 22 адам ауруханаға жеткізілді. Барлығы ТЖД, МӨСҚ, ПД-ның 150 жеке құрамы, 45 бірлік техникасы жұмылдырылды. Жолаушылардың тізімі нақтылануда", – деп хабарлады ТЖМ.

Baza-ның дерегінше, ұшақтың ішінде Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары болған.

Оқиға бойынша Әзербайжан тарапынан ресми мәлімдеме жасалды.

"J2-8243 "Баку – Грозный" рейсін орындаған  Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағы Ақтау қаласынан 3 км қашықтықта апатты жағдайда қонды. Оқиға туралы қосымша ақпарат жұртшылыққа ұсынылады", – деп хабарлады Azerbaijan Airlines компаниясы желідегі парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу