Ақтауда арықтаймын деп дәрі ішкен қыздың жүрегі 5 минутқа тоқтап қалды

770

Ол 6 күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан.

Ақтауда арықтаймын деп дәрі ішкен қыздың жүрегі 5 минутқа тоқтап қалды Фото: freepik

Ақтауда арықтаймын деп дәрі ішіп, жүрегі 5 минут бойы тоқтап қалған тұрғын дәрігерлердің көмегімен аман қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Qazaqstan.tv телеарнасына сілтеме жасап.

30 жастағы бойжеткеннің жүрегіне арнайы аппаратпен дер кезінде ота жасалған. 

"Нәтижесінде науқас клинакалық өлімнен оянды. Содан кейін оған 6 күн қатарынан жансақтау бөлімінде көмек көрсетілген", - делінген хабарладама. 

Дәрігерлер қазіргі уақытта бойжеткеннің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу