Ақтауда жолда үлкен шұңқыр пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы lada.kz-ке сілтеме жасап.
21-шағын аудандағы "Строитель" гараж-құрылыс кооперативі жанындағы доңғалақ жөндеу сервисінің жанында асфальт опырылып түскен.
"Ол жерде кәріз коллекторы жарылып, салдарынан асфальт опырылып түсті. Бүгінде периметр бойынша қоршаулар орнатылды. Жөндеу жүргіземіз", - деді "КЖСА" директорының орынбасары Ислям Үсенов.
Сондай-ақ ол жолдың бір бөлігінің опырылуы салдарынан ешкім зардап шекпегенін атап өтті.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        