Ақтаудағы №25425 әскери бөлімінің сарбазы асылып қалған күйінде табылды. Қайғылы дерек 9 қазанда тіркелді, деп хабарлайды 24.kz.
Қайтыс болған жігіттің 1994 жылы Маңғыстау өңірінде туғаны, Отан алдындағы борышын келісімшарт негізінде өтеп жүргені мәлім болды.
Жауынгерлік құрылым басшыларының айтуынша, әскери оқу-жаттығуларда үздіктердің бірі болған жігіттің өлімі жұмбақ күйде қалып отыр. Қазіргі таңда сараптама тағайындалып, құқық қорғау органдары оқыс оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу