Ақтауда әскери қызметкердің пәтерінде жарылыс болды

628

Қазіргі уақытта ер адам жансақтау бөлімінде жатыр 

Ақтауда әскери қызметкердің пәтерінде жарылыс болды Фото: inbusiness.kz

Жарылыс салдарынан ер адамның қолы жұлынып кеткен. Қазір ол облыстық жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға 3 желтоқсанда Ақтаудағы 27 шағын ауданның № 46 үйде орын алған. Тұрғындарының айтуынша, түскі уақытта пәтерлердің бірінде қатты жарылыс дауысы естілген. Жарылыс толқынынан терезелер ұшып кетті.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасы өкілдерінің айтуынша,  жарылыс орнынан 1988 жылы туған ер адам жеткізілген. Қазір жағдайы ауыр. 

Зардап шегушінің көршілері нақтылағандай, жарылыс жасаған пәтер иесі әскери қызметші болып жұмыс істейді. Пәтерде отбасымен бірге тұрады.

Жағдайдың толық мән-жайы туралы құзырлы органдар әлі жақ ашпай отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу