Ақтауда әскери қызметші ер адамды суицидтен құтқарды

719

Оқиға Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылында болды.

Ақтауда әскери қызметші ер адамды суицидтен құтқарды

6 қыркүйек, сағат 12-15 шамасында "Ұлттық ұланның" әскери қызметшісі Арман Мырзамұратов жұмыстан келе жатқанда 4 қабатты үйден секіргелі тұрған ер адамды көреді. Атамекен ауылының 37-учаскесінде өлімге бел буған жігітті райынан қайтаруды ойлайды. Ефрейтор санаулы секундта жоғары қабатқа көтеріліп, техникалық қабаттың терезесінен шатырға шыққан. Өзіне қастандық жасағалы тұрған адамның арқа жағынан, қолынан ұстап алады. Қарсыласқанына қарамастан қауіпсіз жерге шығарған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері де келді. Қазір 24 жастағы жергілікті тұрғынды өлімге не итермелегені тергеліп жатыр.

Тасым Жаңай

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу