Бұл туралы Құрлық әскерінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақтау гарнизонында әскери қызметші ажал құшты.
"Қараңғы түскен уақытта көктайғақ салдарынан КамАЗ көлігі келісімшарт бойынша қызмет атқаратын кіші сержант Г. есімді әскери қызметшіні қағып кетті. Жарақат салдарынан әскери қызметші оқиға орнында көз жұмды. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – делінген хабарламада.
Қарулы Күштер қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Марқұмның отбасына заңнамаға сәйкес көмек көрсетіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу