Ақтауда әскери қызметші өз-өзіне қол салды

585

Марқұм соңғы жеті жыл қатарынан Ұлттық ұлан қатарында қызмет еткен.

Ақтауда әскери қызметші өз-өзіне қол салды

Ақтаудағы 3502 әскери бөлімінде арнайы комендатураның қарауыл бастығы болып қызмет атқарған аға сержант А.М. 30 шілде күні сағат 03.30 шамасында үйінің дәретханасында асылып қалған. Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылында тұратын оны жұбайы тауып алады. Марқұм 1990 жылы туған, отбасылы, бір баланың әкесі екені мәлім. Ұлттық ұлан қатарында 2015 жылдан бастап қызмет еткен.

Оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге тыйым салынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу