Ақтауда әскери қызметшілерге пәтер кілттері табысталды

768

Пәтерлер толығымен жабдықталған, әрленген. Санитарлық техника құрылып, қажетті жиһаз бен тұрмыстық техника да бар. 

Ақтауда әскери қызметшілерге пәтер кілттері табысталды

Ақтау қаласындағы әскери қалашықта 96 пәтерден тұратын 4 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Әскери қызметшілерге кілттер салтанатты түрде табыс етілді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Тұрғын үйлер әскери қалашықтарды дамыту бағдарламасы аясында тез салынатын үйлердің жеке жобасы бойынша салынған. Пәтерлер толығымен жабдықталған, әрленген, санитарлық техника құрылып, қажетті жиһаз бен тұрмыстық техника да бар. Тұрғын үйге қарасты аумақ абаттандырылған. Аймақ бойынша жарық орнатылып, асфальт төселіп, аулада спорттық алаң, балаларға арналған ойын алаңқайлары мен орындықтар құрылған.

"Қызметтік пәтерді алған әскери қызметшілер ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің 50% көлемдегі мөлшерін алуды жалғастырып, жинақтарын толықтыра алады. Әскери қызметшілердің балаларына мектеп пен бала бақшаға апарып әкелу қызметі ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу