Ақтауда әскери теңіз күші кемені шартты террористерден құтқарды

480

Әскери-теңіз күштерінің әуе десанты оларды жою үшін шабуыл жасады.

Ақтауда әскери теңіз күші кемені шартты террористерден құтқарды Фото: Ақтау гарнизоны

Ақтауда өтіп жатқан "Батыс тойтарыс-2023" оқу-жаттығуы аясында ҚР Шекара қызметі Маңғыстау облыстық департаментінің, авиациялық базаның және Әскери-теңіз күштерінің бөлімдері бірлесіп жедел командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізді. Мақсаты- азаматтық кеме мен мұнай бұрғылау мұнарасын құтқару. Теңіз жаяу әскерлерінің десанттық-шабуылдау батальоны мен су астындағы диверсиялық күштер мен құралдарға қарсы күрес ротасының жеке құрамы террористер шартты түрде басып алған азаматтық кеме мен мұнай бұрғылау мұнарасын босатты.

Әскери-теңіз күштерінің әуе десанты оларды жою үшін шабуыл жасады.

"Әскери-теңіз күштері мен әскерлері Маңғыстау облысы Шекара қызметі департаментінің Жағалау күзеті бөлімшелерімен бірлесіп теңіз экономикалық аймағы объектілерінің қауіпсіздігін және теңіз көлігімен әскери-техникалық көмекті жеткізуді қамтамасыз етті. Жаттығу барысында шартты террористерді басып алу үшін су астындағы диверсиялық күштер мен құралдар қолданылды. Әскери теңізшілер қалқымалы минаға, әуе және теңіз нысандарына оқ жаудырды. Каспий теңізінің қазақстандық секторында шартты түрде апатқа ұшыраған кемеге көмек көрсетілді. Кеме Ақтау портына жеткізілді. Экипаж мен жолаушыларға қажетті көмек көрсетілді", - дейді Ақтау гарнизонының баспасқз хатшысы Нұрбол Шалабаев.                                 

Жаттығу тағы екі күнге жалғасады.                                                                                                                                                                                                                                         

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу