Ақтауда 16 шағын аудан тұрғындары оқыстан атылған оқ дауысынан шошып оянды. Кеше түнгі сағат 00:37-де полиция кезекшісінің пультіне белгісіз адамдар бірнеше рет оқ атқаны туралы шақырту келіп түскен.
"Тексеру барысында Маңғыстау облыстық ауруханасына оқ жарақатынан зардап шеккендердің емделмегені анықталды. Бұл дерек бойынша 20 және 22 жастағы күдіктілер анықталды. Іс Ақтау полиция басқармасының ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігімен бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген",- деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.