Ақтауда ауада жағымсыз иіс пайда болды

1248

Ондағы өндірістік шығарынды шектік деңгейден асып кеткен. 

Ақтауда ауада жағымсыз иіс пайда болды

Ақтау қаласында соңғы күндері ауадан шыққан күлімсі иіске шағымданғандар саны көбейді. Соған орай зертханалық бақылау жүргізген облыстық экология департаменті қала көлемінде ауаға шығарылған өндірістік шығарындылар құрамындағы азот диоксиді мен метанның шекті рұқсат етілген концентрациядан асып кеткенін анықтады. Атап айтқанда, азот диоксидінің көлемі мөлшерден 1,5 есе, метан 1,8 есе артып кеткен. 

Сонымен қатар, "Қазгидромет" РМК Маңғыстау филиалының метеорологиялық деректері де Ақтау қаласының 15 және 33 шағын аудандарындағы стационарлық бекеттерде азот диоксиді мөлшерінің артқанын растады. Бұл жел бағытының кешкі сағат 16.00-ден 23.00-ге дейін  бағытын өзгертуіне әсер еткені де мәлім болып отыр. Ластаушы заттар, негізінен, "МАЭК-ҚазАтомөнеркәсіп" ЖШС, "ҚазАзот" АҚ, "Каспий битум" ЖШС, "Mangystau Oil Refining" ЖШС, "Ақтау теңіз порты" АЭА, "Қазтрансойл" АҚ сияқты және басқа да кәсіпорындар жағынан шыққан. Осыған орай, ластау көздері ретінде осы кәсіпорындар қарастырылуда.  

Қазіргі күні облыстық экология департаменті ҚР Экологиялық кодексінің 117, 118-баптарын басшылыққа ала отырып, жоспардан тыс тексеру үшін Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасына жүгінбек. Мекеме тексерудің нәтижелерімен жұртшылықты хабардар етіп отырмақ.  

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу