Ақтауда ауыл спорты ойындары басталды

710

Негізгі мақсат – салауатты өмір салтын насихаттау, халық арасында ұлттық және бұқаралық спортты дамыту.

Ақтауда ауыл спорты ойындары басталды

Ақтауда "Ақ бидай" республикалық ауыл спорты ойындарының ашылу салтанаты өтті. Жарысқа 14 облыстан 2 мыңға жуық спортшы келді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Спорт додасы 20 қазанға дейін жалғасады. Жарыста бақ сынайтындар кәсіби спортшылар емес, тек салауатты өмір салтын серік еткендер жандар. Олар: теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ, құсбегілік, волейбол, шағын футбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, кір тасын көтеру, қол күрес, үстел теннисі сынды 14 спорт түрінен жарысқа түседі.

"Аударыспақ деп аталатын ұлттық спорт ойынына қатыстым. Жарыс жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бұл бәсеке қазақтың ұлттық ойынын танытуға мүмкіндік береді. Аударыспақ – ат үстіндегі күрес. Сондықтан да оған кез-келген адам шығып, күресе алмайды. Күш, ақыл, айла керек. Қарсылас командалар осал болмады", – деді Ақмола облысының қатысушысы Бақберген Қабыл.

Ал Маңғыстау облысынан шағын футболдан іріктелген команда ширек финалға жолдама алып үлгерді.

"Шағын футбол спортынан облыс намысын қорғап жатырмыз. Жамбылдық спортшылармен тең ойнасақ, ақтөбелік команданы 4:2 есебімен ұттық. Енді алда Ақмола облысының командасымен ойнаймыз", – дейді маңғыстаулық спортшы Жарас Нұрасылұлы. 

Еске салайық, бұл жарыс биыл 7-ші жыл өтуде. 2000 жылдан бері төрт жыл сайын Астана қаласында өткізіліп келген. Ал 2017 жылы республикалық ауыл спорты ойындарының туы Ақтөбе облысынан Маңғыстауға табысталды. 

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу