Қалған уақытта ЦВС-3 ауыз суды пайдалануды шектеу үшін төмендетілген қысымға көшеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
Қалада ыстық су мәселесі әлі шешілген жоқ. Өйткені су сақталатын резервуарлар әлі толтырылмаған.
Таңертең және кешке екі сағат қана ауыз су беріліп, қалған уақытта сорғылардың істен шығуын және технологиялық жабдықтардың күйреуін болдырмау үшін су беру қысымы шектелмек.
"Бүгін резервуарларға жиналған су көлемі – 41 мың м3 құрайды. Кәсіпорын резервуарларда қажетті су көлемін жинауды жалғастыруда. Технологиялық жабдықтардың тұрақты жұмыс істеуі үшін резервуарларда жеткілікті деңгейлер жинақталғаннан кейін ыстық сумен жабдықтау қайта басталады", - делінген Ақтау қалалық әкімдігінің хабарламасында.
Айта кетейік, ыстық су қалыпты деңгейде тұрғындарға берілуі үшін су қазандықтарындағы қор- 80-100 мың текше метрге жетуі тиіс. Ол межеге дейін көпшілік тіршілік нәрін әлі біраз күтуіне тура келеді.