Ақтауда ауызашардан дәрігерлердің жаппай улану фактісі бойынша тергеу басталды

452

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары жаппай улану фактісі бойынша тергеу жүргізуде.

Ақтауда ауызашардан дәрігерлердің жаппай улану фактісі бойынша тергеу басталды Фото: inbusiness.kz

“Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына ішек инфекциясы мен гастроэнтерит ауруының топтық жағдайы туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. 16 адам стационарға көмек сұрады, оның 10-ы ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта басқарма мамандары аурудың көзін анықтау үшін эпидемиологиялық тергеу жүргізуде”, - деп хабарлады ведомстводан. 

Бұл ретте санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында улану орын алған мейрамхананың атауын айтудан бас тартылды. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтауда ауызашардан кейін дәрігерлердің жаппай улануы орын алғаны хабарланған болатын.

Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі ақпаратты растады. Олардың деректері бойынша, 10 сәуірде қаланың мейрамханаларының бірінде ауызашар өткізіліп, оған аудандар мен қаланың медициналық мекемелерінен дәрігерлер шақырылды. Мерекеге барлығы 50 адам қатысты. Олардың ішінде улану белгілері бар 16 адам ауруханаға жүгінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу