Ақтауда автобус аялдамасы құлап, бір адам зардап шекті

221

Жергілікті биліктің мәліметінше, аялдама әлі толық орнатылып бітпеген. 

Ақтауда автобус аялдамасы құлап, бір адам зардап шекті Фото: Lada.kz

Ақтауда қатты желдің салдарынан жаңа автобус аялдамасы құлап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Бұл нысан магистральдық инженерлік желілерді қайта құруға байланысты уақытша басқа жерге көшірілген. Қалалық әкімдік аялдама қатты желдің салдарынан құлағанын хабарлады.

Коммуналдық қызмет мамандары аялдаманы оқиға орнынан тез арада алып тастады.

Полицияның дерегінше, бір адам зардап шекті. Қазір ол облыстық ауруханаға жеткізілді. Полиция департаментінің баспасөз қызметі сапасыз құрылыс дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу