Ақтауда автобус аялдамасы жаяу жүргіншілер жолында орнатылған

204

Жергілікті тұрғындар бұл қозғалысқа кедергі келтіреді деген пікірде. 

Ақтауда автобус аялдамасы жаяу жүргіншілер жолында орнатылған Фото: Ақтау қаласының әкімдігі

Ақтауда жаяу жүргіншілер жолында автобус аялдамасы орнатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты  www.lada.kz порталына сілтеме жасап.

Ақтау қаласының тұрғындары желіде аялдаманың жаяу жүргіншілер өтетін жолға орнатылғанын жазды. Олардың айтуынша, аялдаманы айналып өту ыңғайсыздық туғызады.

Желі қолданушылары биліктің бұл шешіміне сұрақтар көп екенін жасырмады.

Жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаев аялдаманы "ең ыңғайсыз" деп атады.

Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі осы нысанға қатысты түсініктеме берді.

"Қалада 20 аялдама салынып жатыр. Тротуардың артындағы жолдың астында инженерлік желілердің болуына байланысты 17 шағын ауданда аялдама тротуардың үстінде салынды. Аялдама құрылымы жер астында бекітілген. Мамандар аялдама салынғанға дейін айналма жол жасауды жоспарлаған болатын. Қазір айналма тротуарды монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген ақпаратта.

Бөлім басшысы порталына берген жауабында жұмыстар жоспарға сәйкес жүріп жатқанын, әлі аяқталмағанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу