Алайда оқиға куәгерлері онда расымен де балалар отырғанын, абырой болғанда, олардың құтқарып қалғандарын айтуда, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.
Қаладағы 1 ықшамауданда 9 желтоқсан күнгі сағат 17:31-де "ПАЗ-320530 автобусы өртеніп, өрт 17:43 шамасында сөндіріледі. Кейірінек WhatsApp мессенджерінде өрт кезінде жолаушылардың қайтыс болғаны жөніндегі ақпарат тарап кетті.
"Өрт сөндірушілер келгенде көлік салонында ешкім болған жоқ. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер де тіркелмеді", – дейді қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жандос Кенжебаев.
Ал көліктің жанып жатқанын көрген адамдардың айтуынша, автобуста отызға тарта бала болыпты. Автобустың капот астынан өртене бастағанын көргендер дереу жүгіріп келіп, оларды қолдан қолға беріп отырып, түгелдей құтқарып қалады. Балалар қатты шошынып қалыпты, дегенмен оларды дереу басқа автобусқа отырғызып, оқиға орнынан алып кеткен.
Қазіргі күні өрттің себебі анықталуда.
Құралай Қуатова